Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға дейін жеделдеді (маусымда – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасының максимал өсімі Алматы қаласында (8,1%), ал аз өсім Түркістан облысында (3,0%) байқалған.
Айта кетейік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,3%-ға дейін баяулаған (маусымда – 7,4%). Максимал мән – Маңғыстау облысында (13,6%), минимал мән – Алматы облысында (5,1%) тіркелген.
Сонымен қатар шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,5%-ға дейін жеделдеген (маусымда – 13,8%). Сондай-ақ Павлодар облысында (18,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (10,2%) айтарлықтай төмендеген.
Шілдеде ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017-2021 жылдардағы шілдеде – 0,3%).